БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Сұхбат 30 тамыз 2026

Боранбаев: «Қайрат» Еуропа аспанында Қазақстанды екінші рет таныстырады

Фото: offside.kz
«Қайрат» президенті Қайрат Боранбаев УЕФА Конференциялар лигасы топтық кезеңінің жеребе нәтижесіне пікір білдірді.

Алматылық клуб топтық кезеңде өз алаңында грек «Панатинаикосымен», румын «Университатя Крайовасымен» және швед «Мьёльбимен» ойнайды. Қонақта «Қайрат» итальяндық «Аталантамен», голландиялық «Твентемен» және латвиялық «Ригамен» кездеседі.

Бұған дейін команда іріктеу кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» сынға түскен болатын.

«Андерлехтпен өткен матчтар командаға баға жетпес тәжірибе берді, еуропалық футболдың қарқыны мен сапасына бейімделу қажет екенін көрсетті. Орталық стадионға үлкен еуропалық күз қайта оралды! «Қайрат» Қазақстан атынан еуропалық кубоктардың негізгі кезеңінде қатарынан екінші маусым өз мүмкіндігін көрсетеді», — деді Боранбаев.

Бұл — «Қайраттың» еуропалық турнирлердің топтық кезеңінде ойнайтын екінші маусымы.

Тағы оқыңыз

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды
Қайрат Боранбаев «Челсидің» жаңа маусымдағы алғашқы матчына барады
«Қайрат» Еуропа лигасындағы плей-офф қарсыласын білді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me