Жаңалық 30 тамыз 2026
Алонсоның үйдегі дебютінде «Челси» «Брайтонды» 4:3 есебімен жеңді

Фото: i.pinimg.com
Ағылшын премьер-лигасының кездесуінде Хаби Алонсо бапкерлік ететін лондондық «Челси» өз алаңында «Брайтонды» 4:3 есебімен жеңді. Бұл — испандық маманның «Челси» бапкері ретіндегі үй алаңындағы алғашқы матчы.
«Челси» құрамында голдарды Ромео Лавиа, Педру Нету, Жуан Педру және Коул Палмер соқты. «Брайтон» жасағында Малик Ялкуйе мен Паскаль Гросс дәл соқса, есепке Педруның өз қақпасына соққан добы да қосылды.
Матчта «Челси» қақпасын жаңа ойыншы Эмилиано Мартинес қорғады, ол клуб құрамындағы дебютін өткізді. «Брайтон» қақпасында Барт Вербрюгген тұрды.
Тағы оқыңыз
Алонсо мойындады: Кайседоны ертерек ойынға қосуым қате болды
«Челси» соңғы 18 лига матчының бірінде де қақпасын «құрғақ» ұстай алмағанын атап өткен жөн.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.espn.com


