БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 29 тамыз 2026

Сәтпаев туралы Бернли бапкері: «Дастан өте жақсы ойнады»

Фото: sports.kz
Ағылшын «Бернли» клубының бас бапкері Ники Эйсинк қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың алғашқы екі матчтағы ойынына баға берді.

«Дастан өте жақсы ойнады. Ол қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіріп, белсенді ойынға талпынып отырады. Бірақ бұл алғашқы матчтар ғана, сондықтан Дастан мен басқа да жаңа ойыншыларға лиганың қарқынына толық бейімделу үшін біраз уақыт керек. Бізге керегі осы ғана — аздаған уақыт. Біз олардың жаттығудағы еңбегін көріп отырмыз, енді осыны алаңға көшіру маңызды», — деді Эйсинк.

«Бернли» 2026 жылғы Чемпионшип маусымында екі матч өткізіп, бар-жоғы бір ұпай жинады. Клуб ағылшын Лига кубогынан да ерте қоштасты — екінші кезеңде «Брэдфордан» ұтылды.

Тағы оқыңыз
Сатпаевсіз шыққан «Бернли» «Рексхэмнен» жеңіске жете алмады

Команда кезекті кездесуін 29 тамызда Чемпионшиптің үшінші турында өткізеді. «Бернли» қонақта «Норичпен» сынға түседі, матч 19:00-де басталады.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Бернли» құрамында алғашқы ресми матчына шығуы мүмкін
Сәтпаев ойнайтын «Бернли» ЕФЛ кубогында «Брэдфорд Ситиге» аттанады
Сәтпаев пен «Бернли» Ағылшын лига кубогында сынға түседі
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz