Жаңалық 29 тамыз 2026
ПСЖ «Лилльге» 0:2 есебінен қалып қойса да, ұпай алды: Витинья мен Маркиньос соңғы минуттарда құтқарды

Фото: sports.kz
Франция чемпионаты Лига 1-дің екінші турында ПСЖ қонақта «Лилльден» 0:2 есебімен артта қалғанымен, матчты 2:2 есебімен тең аяқтады.
«Лилль» есепті Хакон-Арнар Харальдссон мен Дилан Баквтың голдарымен ашты. Париж клубы қосымша уақыт қосылғанға дейін жеңіліп келе жатты.
Жағдайды 90+1-минутта Витинья түзетсе, 90+5-минутта Маркиньос ойынды теңестірді — 2:2.
Матч алдында ПСЖ қақпашысы, Ресей құрамасының ойыншысы Матвей Сафонов жаттығу кезінде бапкермен соқтығысып, басынан соққы алған. Соған қарамастан ол кездесуді толық ойнап шықты, бірақ екі гол өткізіп алды.
Flashscore бағасы бойынша, Сафонов пен алмастыруға шыққан Хвича Қварацхелия матчта бірдей 6,7 балл жинады. Грузия құрамасының шабуылшысы алаңға 46-минутта Дезире Дуэнің орнына шықты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


