Жаңалық 29 тамыз 2026
Кенжебек пен Самородов Чесноковқа қарсы шығуы мүмкін: «Ахмат» — «Крылья Советов» кездеседі

Фото: sports.kz
Ресей премьер-лигасының 6-турында грозныйлық «Ахмат» өз алаңында самаралық «Крылья Советовты» қабылдайды. Матч 2026 жылдың 29 тамызында, Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Екі команда да 5 турдан кейін 5 ұпай жинады. Өткен турда «Ахмат» «Ростовты» 4:1 есебімен жеңсе, «Крылья Советов» «Акронды» 3:0 есебімен ұтты. Сәуірде өткен соңғы жеке кездесулері 2:2 тең аяқталған болатын.
«Ахмат» құрамында Қазақстан құрамасының ойыншылары — жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді. Ал «Крылья Советов» жағында Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, шеткі шабуылшы Ислам Чесноков ойнайды.
Осылайша, алдағы кездесуде Қазақстан құрамасының үш ойыншысы бір-біріне қарсы шығуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


