Жаңалық 29 тамыз 2026
«Фиорентина» Зиркзеге балама тапты — Бетоға ұсыныс жасады

Фото: thefootballfaithful.com
Италиялық «Фиорентина» «Эвертон» шабуылшысы Бетоға ресми ұсыныс жасады. Бұл — клубтың «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзеге балама нұсқасы.
Бето «Эвертон» құрамына «Удинезеден» ауысқан болатын.
«Фиорентина» бұған дейін Зиркземен жалдамалы келісім жасауға тырысып, оны сатып алу құқығы жөнінде қосымша келіссөз жүргізіп келді. Спорттық директор Фабио Паратичи қазір клубтың шабуылшы іздеу бағытындағы басқа нұсқаларын да қарастырып отыр.
Тағы оқыңыз
«Эвертон» Бетону «Фиорентинаға» 15 миллион фунтқа сатуға дайын
Зиркзені жалға алу мәселесі бойынша келіссөз әлі жалғасып жатыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


