Жаңалық 29 тамыз 2026
Чесноков пен Кенжебек РПЛ-нің 6-турындағы матчты сапта бастамайды

Фото: Sportarena.kz (TG)
Ресей премьер-лигасының 6-турында өтетін «Крылья Советов» — «Ахмат» кездесуінің старттық құрамы жарияланды. Қазақстандық Ислам Чесноков «Крылья Советовтың» қосалқы құрамында қалды.
«Ахмат» тарапында да қазақстандық Ғалымжан Кенжебек старттық құрамнан орын алмай, қосалқылар қатарында отыр. Ал команда құрамындағы Максим Самородов негізгі құрамға енгізілді.
Екі клуб та алдыңғы турда сенімді ойын көрсеткен болатын. «Крылья Советов» «Акронды» 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Ахмат» «Ростовты» 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
Матч алдында екі команданың да 5 ұпайдан бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


