БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 тамыз 2026

Қалмұрза «Андерлехтке» жеңілген матчта 5 доп қағып шығарып, командадағы ең жоғары бағаны алды

Фото: thesun.ie
УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің жауап матчында алматылық «Қайрат» бельгиялық «Андерлехтке» 3:0 есебімен ұтылды. Кездесудегі ең үздік ойыншы — 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза болды.

Жас қақпашы кездесуде 90 минут бойы алаңда болып, 5 добты қағып шығарды. Соның нәтижесінде ол 7,5 балл алып, «Қайрат» сапындағы ең жоғары бағаға ие болды. Команданың орташа көрсеткіші 6,1 баллды құрады.

«Андерлехттің» голдарын Михайло Цветкович (45+2-минутта, 11 метрлік айып добынан), Даниил Сикан (53) және Жюльен Бьяншон (71) соқты.

Алматыда өткен бірінші кездесу де дәл сондай 3:0 есебімен «Андерлехттің» пайдасына аяқталған болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша бельгиялық клуб 6:0 жалпы есеппен басым түсіп, УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

«Қайрат» болса УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.

Тағы оқыңыз

Кенжебек қосалқылар орындығында отырды, Самородов жоғары баға алды
Сәтпаев Flashscore-дан «Бернли» клубында жоғары баға алды
Мбаппенің 11 метрлік добын Вальес қағып алды, Бартраның тұрысы дау тудырды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz