БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 тамыз 2026

Мохамед Салах ойнаған «Трабзонспор» Будапештте 0:4 есебімен жеңілді

Фото: footballtoday.com
УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жауап кездесуінде «Трабзонспор» венгриялық «Ференцварошқа» 0:4 есебімен жеңілді. Кездесу 2026 жылғы 25 тамызда Будапештте өтті.

Негізгі құрамда алаңға шыққан Мохамед Салах 64-минутта ауыстырылды.

«Трабзонспор» үшін кездесу сәтсіз болды — команда екі футболшысынан айырылды: 13-минутта Руслан Малиновски, ал 57-минутта Сидней Кабрал қызыл карточка алды.

Тағы оқыңыз
Салах пен Шомуродов гол соғып, тайм тең есеппен аяқталды

«Ференцварош» есепті 19-минутта Каллум О'Даудтың голымен ашса, 54-минутта Мариус Корбу айырманы еселеді. 59-минутта Деле 11 метрлік айып добын дәл орындады, ал 86-минутта Кристиан Листеш нүкте қойды.

Осы жеңістің арқасында «Ференцварош» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. «Трабзонспор» болса УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде ойнайтын болды.

Тағы оқыңыз

Мохамед Салах «Ливерпульмен» қоштасып, «Трабзонспорға» тегін ауысты
«Трабзонспор» бос агент мәртебесіндегі Мохамед Салахпен келіссөз бастады
Мохамед Салах Стамбулға қонды: «Трабзонспорға» ауысуы аяқталуға жақын
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz