Жаңалық 28 тамыз 2026
Мохамед Салах ойнаған «Трабзонспор» Будапештте 0:4 есебімен жеңілді

Фото: footballtoday.com
УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жауап кездесуінде «Трабзонспор» венгриялық «Ференцварошқа» 0:4 есебімен жеңілді. Кездесу 2026 жылғы 25 тамызда Будапештте өтті.
Негізгі құрамда алаңға шыққан Мохамед Салах 64-минутта ауыстырылды.
«Трабзонспор» үшін кездесу сәтсіз болды — команда екі футболшысынан айырылды: 13-минутта Руслан Малиновски, ал 57-минутта Сидней Кабрал қызыл карточка алды.
Тағы оқыңыз
Салах пен Шомуродов гол соғып, тайм тең есеппен аяқталды
«Ференцварош» есепті 19-минутта Каллум О'Даудтың голымен ашса, 54-минутта Мариус Корбу айырманы еселеді. 59-минутта Деле 11 метрлік айып добын дәл орындады, ал 86-минутта Кристиан Листеш нүкте қойды.
Осы жеңістің арқасында «Ференцварош» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. «Трабзонспор» болса УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде ойнайтын болды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


