Жаңалық 28 тамыз 2026
Мареска: Шеркидің құрамда болуы бізге өте қажет

Фото: getfootballnewsfrance.com
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Энцо Мареска «Кристал Пэлеске» қарсы кездесу қарсаңында француз ойыншысы Раян Шеркидің рөлі туралы айтты.
«Борнмутқа» қарсы матчта қосалқы құрамнан шыққан Шерки Йошко Гвардиолдың 91-минутта соққан голына нәтижелі пас берген болатын.
«Раян өткен матчта әсерін тигізді. Ол — сапасы жағынан ерекшеленетін ойыншылардың бірі. Қиналған сәттерде, әсіресе шабуылдың соңғы фазасында бізге дәл сондай ойыншы керек», — деді Мареска.
Тағы оқыңыз
Реднапп: Шеркидің «Кристал Пэлас» қақпасына соққан голдары — нағыз шедевр
Бапкердің айтуынша, Шеркидің қаншалықты ойнайтыны қарсылас команданың ойын үлгісіне де байланысты. «Оның бізге қазір де, болашақта да көмектесетініне күмән жоқ. Раян әлі жас — 22 немесе 23 жаста, сондықтан ол бізге көмектесе береді. Оның қалай жұмыс істеп жатқанына мен өте ризамын», — деп қосты ол.
«Манчестер Ситидің» кезекті матчы «Селхерст Парк» стадионында «Кристал Пэлеске» қарсы өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


