Жаңалық 28 тамыз 2026
Италия БАҚ-ы: «Аталанта» — «Қайрат» кездесуі тарихи болады

Фото: cdn.nur.kz
Италиялық Sport Mediaset порталы 2026/27 маусымындағы УЕФА Конференциялар лигасының топ кезеңінде «Аталанта» мен «Қайрат» арасында өтетін кездесуге назар аударды. Бұл — екі клубтың еуропалық турнирлердегі тұңғыш кездесуі.
Италиялық дереккөздің мәліметінше, «Аталанта» топ кезеңінде үй жағдайында үш матч өткізеді — «Пафос», «Қайрат» және «Мьяльбиге» қарсы. Сырттағы кездесулерде итальяндық клуб «Аякс», «Борац» және «Ригаға» қарсы шығады.
Sport Mediaset атап өткендей, «Аталанта» бұған дейін «Пафос», «Борац», «Рига» және «Мьяльбимен» еуропалық турнирлерде бір рет те кездеспеген. Ал «Қайратқа» қарсы ойнайтын матч итальяндық клубтың Қазақстан командасымен УЕФА турнирлеріндегі тұңғыш кездесуі болмақ.
«Қайраттың» италиялық клубтарға қарсы тәжірибесі бұрын да болған: 2024/25 маусымындағы Чемпиондар лигасының топ кезеңінде алматылықтар «Интер» жасағымен сынға түсіп, сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


