Жаңалық 28 тамыз 2026
«Ертіс» — «Ақтөбе» кездесуін Абдуллаев басқарады
Қазақстан премьер-лигасының 24-турында өтетін «Ертіс» — «Ақтөбе» матчының төрешілер құрамы белгілі болды.
30 тамызда өтетін кездесуде бас төреші қызметін таразылық Бағдат Абдуллаев атқарады.
Оған семейлік Станислав Лесив пен алматылық Нұрдәулет Арынханов көмекші төреші ретінде септеседі. Төртінші төреші болып павлодарлық Нұрсұлтан Әлібеков тағайындалды.
ВАР жүйесінде астаналық Саят Қарабаев жұмыс істейді, оның көмекшісі — алматылық Александр Павлов. Матч инспекторы қызметін павлодарлық Виктор Антонов атқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


