Жаңалық 27 тамыз 2026
Сәтпаев дебютте 9 балл жинады, «Бернли» жанкүйерлері оны Санчеспен салыстырды

Фото: img.championat.com
18 жасқа толған қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын лигасы кубогының екінші айналымында «Бернли» құрамында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты.
«Челсиден» жалға берілген Сәтпаев «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуде 80 минут алаңда болды. Ол шабуылдың оң қанатында ойнады. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды, ал 11 метрлік айып добын тебу сериясында «Брэдфорд Сити» «Бернлиді» турнирден шығарып жіберді.
Тағы оқыңыз
Сатпаевсіз шыққан «Бернли» «Рексхэмнен» жеңіске жете алмады
Жеңіліске қарамастан, «Бернли» жанкүйерлері Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады: олар оның доп жоқ кездегі белсенділігі мен қозғалысын мақтады, кейбірі оны Алексис Санчеспен салыстырды. Жанкүйерлердің бір рейтингінде қазақстандық шабуылшыға 10 балдың 9-ы берілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


