Жаңалық 27 тамыз 2026
«Челси» Лига кубогында «Лутон Таунмен» кездеседі

Фото: img.inform.kz
Ағылшын лига кубогының екінші айналымында лондондық «Челси» «Лутон Таунды» қабылдайды. Кездесу 27–28 тамызға қараған түні «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді, бастауы Қазақстан уақытымен 23:30-да.
«Челси» турнирге бірден екінші айналымнан қосылады. Ал үшінші дивизионда (League One) ойнайтын «Лутон Таун» бірінші айналымда «Джиллингемді» қонақта 3:0 есебімен ұтып өткен.
Бұл екі клуб соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында Ағылшын Премьер-лигасында кездескен, сол матчта «Челси» қонақта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сол маусымда «Челси» өз алаңында да 3:0 есебімен басым түсті.
Клубтар бұған дейін Ағылшын кубогында да бетпе-бет келген: 2021 жылы «Челси» 3:1, 2022 жылы 3:2 есебімен жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


