«Челси» Энцо Фернандестің орнына Алекс Скоттты алмақ
Дереккөздердің мәліметінше, «Челси» Скоттты аргентиналық Фернандеске балама ретінде қарастырып отыр. Фернандестің өзі «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін деген болжам бар.
Бұған қоса, трансфер нарығындағы тағы бірнеше жаңалықты жинақтадық:
- «Астон Вилла» «Миланның» португалиялық шеткі шабуылшысы Рафаэл Леауға қызығушылық танытып отыр. «Галатасарай» болса Леау үшін шамамен 38 миллион фунт төлеуге дайын. - «Сандерленд» «Манчестер Ситидің» шабуылшы жартылай қорғаушысы Джек Грилишті жалға алуға ұсыныс жасады. - «Челси» «Аталантаның» 18 жастағы қорғаушысы Хонест Аханорды 36 миллион фунтқа сатып алуға жақын. - «Манчестер Юнайтед» «Барселонаның» сол қаптал қорғаушысы Алехандро Бальдеге қатысты үмітін үзбей отыр. - «Ньюкасл» «Лилльдің» бельгиялық шеткі шабуылшысы Матиас Фернандес-Пардомен келісімге келуге әлі де үміт артады. - «Фиорентина» «Ноттингем Форесттің» Додо үшін жасаған 6 миллион фунттық алғашқы ұсынысын қабылдамады. - «Марсель» Игор Пайшауды алып қалуға сенімді, бірақ оған «Арсенал» мен «Сандерленд» қызығушылық танытып отыр. - «Ипсвич» «Байер Леверкузеннің» аргентиналық шабуылшы жартылай қорғаушысы Эсекиель Паласиосты 23,5 миллион фунтқа сатып алуға жақын. - «Эвертон» «Мидтьюлландтың» гвинея-бисаулық шабуылшысы Франкулиноны сатып алуды жоспарлап отыр.


