Жаңалық 26 тамыз 2026
«Қайрат» 0:3 есебінен кейін Брюссельде жаттықты

Фото: sports.kz
Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің қайтарма кездесуі алдында алматылық «Қайрат» Бельгияда алғашқы жаттығуын өткізді.
Жаттығу кешкі уақытта өтті, бас бапкер Рафаэль Оразбақов ойыншыларға жеке нұсқаулар берді.
«Кешкі жаттығу керемет басталды!» — делінген клубтың ресми Instagram парақшасындағы жазбада.
Еске сала кетейік, 20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өткен бірінші матчта «Қайрат» «Андерлехтке» 0:3 есебімен ұтылған еді. Қайтарма кездесу 27 тамызда Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өтеді.
«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундында «Левскиден» жалпы есеппен 0:2 ұтылып түскен еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


