Жаңалық 26 тамыз 2026
Покатилов үш еуропалық кубоктың да топ кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық футболшы атанды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов УЕФА-ның үш кубогының да негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы атанды.
Әзербайжанның «Сабах» клубында ойнайтын қақпашы бұған дейін 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» құрамында болып, клубтың еуропалық кубоктың топ кезеңіне шыққан тұңғыш қазақстандық команда атануына үлес қосқан. 2021 жылы Покатилов «Қайраттың» негізгі қақпашысы ретінде команданың клуб тарихында алғаш рет еуропалық кубоктың топ кезеңіне жолдама алуына атсалысты.
Тағы оқыңыз
«Асығыс баға берудің қажеті жоқ» — әзербайжандық журналист Покатиловты қорғады
Жуырда «Хапоэльге» қарсы іріктеу кездесуіндегі драмалық жеңістен кейін Покатилов мансабында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топ кезеңіне жолдама алды. Осылайша қақпашы УЕФА Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының және Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде ойнаған жалғыз қазақстандық футболшы болды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


