Жаңалық 26 тамыз 2026
«Ливерпуль» Сарр үшін 50 миллион фунт ұсынды

Фото: africasoccer.com
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Ливерпуль» лондондық «Кристал Пэлестің» шеткі шабуылшысы Исмаила Саррды сатып алу үшін келіссөз бастады.
«Ливерпуль» сенегалдық футболшы үшін шамамен 50 миллион фунт стерлинг көлемінде ұсыныс жіберді. Романоның айтуынша, Саррдың өзі де «Ливерпульге» ауысуға дайын.
«Мерсисайд» клубының бұл қадамы «Брайтон» қойған талаптарға байланысты Минте трансфері іске аспағаннан кейін жасалды.
Тағы оқыңыз
Сарр «Ювентус» құрамымен толық жаттықты
«Кристал Пэлес» бұған дейін Саррға қатысты «Галатасарайдың» екі ұсынысын да қабылдамаған.
28 жастағы шабуылшы өткен маусымда «Кристал Пэлес» құрамында барлық турнирлерде 20 гол соққан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


