Жаңалық 26 тамыз 2026
«Ливерпуль» іздеген 18 жасар колумбиялықты «Брайтон» тартып әкетті

Фото: elpais.com.co
Ағылшындық «Брайтон» клубы 18 жасар колумбиялық Матиас Ороскону сатып алды. Ойыншыға «Ливерпуль» де қызығушылық танытқан болатын.
Журналист Пипе Сьерраның мәліметінше, «Брайтон» Ороско үшін «Калиге» 4,8 миллион доллар төлеп, ойыншы құқығының 85%-ына иелік етті.
«Колумбиялық бүгін кешке агенті Леонардо Дасамен бірге виза рәсімінен өту, медициналық тексеруден өту және келісімшартқа қол қою үшін Еуропаға аттанады», — деп жазды Сьерра.
Тағы оқыңыз
«Ливерпуль» 18 жастағы колумбиялық Ороскоға көз тікті — сатып алу бабы 6 млн еуро
Бұған дейін Ороскону сатып алу үшін «Ливерпуль» де келіссөз жүргізген еді, бірақ трансфер «Брайтонның» пайдасына шешілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


