Жаңалық 26 тамыз 2026
«Халл Сити» Манчестер Юнайтедті жеңгеннен кейін Кубокта пенальтиде әрең үстем түсті

Фото: skysports.com
Ағылшын Карабао кубогының екінші раунды аясында «Сток Сити» мен «Халл Сити» «bet365» стадионында кездесіп, негізгі уақытта 1:1 тең түсті. Сериямен «Халл Сити» 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Есепті Сорба Томастың пасынан Роберт Боженик ашса, бірінші тайм аяқталар алдында Лиам Миллардың берген пасынан Киран Дауэлл теңгерді.
Пенальти сериясында тек Джордж Хёрст қана добын дәл дарытпады, қалғандары нәтижелі болды.
Тағы оқыңыз
Якирович: «Челсиді» адаммен-адам ұстау мүмкін емес
Бапкер Сержей Якирович негізгі құрамға 11 өзгеріс енгізіп, Лукас Херрингтон мен Мэтт Тарджеттке толыққанды дебют берді, ал жартылай қорғауда Йенс Хьерто-Даль мен Лукас Гурна-Дуат ойнады. Стоктың бапкері Марк Робинс жеті ойыншыны алмастырды, қақпаны Джош Гриффитс қорғады, ал Виктор Юхансон демалыс алды.
еске сала кетейік, «Халл Сити» сенбіде Премьер-лигада «Манчестер Юнайтедті» 2:0 есебімен жеңген болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


