Жаңалық 26 тамыз 2026
Флик Балдеге ашық айтты: «Барселонада» сен Кансельоның қосалқысысың
«Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик клубтың сол қанат қорғаушысы Алехандро Балдемен кездесіп, оның команда ішіндегі рөлін талқылады.
Флик испандық қорғаушыны лиганың ашылу турында құрамға қоспаған еді. Кездесу барысында бапкер Балдеге қазіргі таңда оны негізгі ойыншы емес, Жуан Кансельоның қосалқысы ретінде қарастырып отырғанын жеткізді.
«Ол орны үшін күресуге дайын екенін білдіріп, өз құндылығын дәлелдеу үшін ойын уақытын сұрады», — делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз
«Манчестер Юнайтед» «Барселонаның» қорғаушысы Балдемен ресми келіссөз бастайды
Ла Масия түлегі Балдеге бұған дейін манчестерлік «Юнайтед» қызығушылық танытып, алдымен жалға алу, кейін тұрақты трансфер нұсқасын қарастырған. Дегенмен ағылшын клубы қорғаушының жалақысын тым жоғары деп бағалаған. Өз кезегінде Балде 2024 жылдың жазында «Барселонадан» кетпеу туралы шешім қабылдаған еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


