ЖИ болжамы: Сатпаев «Брэдфорд Ситиге» қарсы негізгі құрамда шығуы мүмкін

18 жастағы Сатпаев «Бернлиге» 14 тамызда қосылып, тоғыз күннен соң, 23 тамызда «Вест Бромвич Альбионға» қарсы чемпионат матчында дебют жасады. Ол 58-минутта Армандо Бройдың орнына шығып, алаңда 30 минуттан астам уақыт өткізді. Кездесу «Бернлидің» 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды.
«Брэдфорд Сити» бірінші раундта «Рочдейлді» 2:0 есебімен ұтқан, ал «Бернли» «Ноттс Каунтиден» 11 метрлік доп сериясы арқылы өтті.
ChatGPT жасанды интеллектінің бағалауы бойынша, Сатпаевтың негізгі құрамда шығу ықтималдығы 65-70 пайызды құрайды, ал алаңға мүлде шықпау мүмкіндігі 5 пайыздан аспайды. Егер ойыншы бастапқы құрамда шықса, алаңда 60-70 минут болуы мүмкін. Жасанды интеллекттің айтуынша, гол соғу ықтималдығы да «Вест Бромвич» матчы алдындағы 15-20 пайыздық бағадан әлдеқайда жоғары.


