Жаңалық 25 тамыз 2026
«Қайраттың» қарсыласы «Андерлехт» канадалық Салибадан 15 миллион еуро табатын болды

Фото: static01.nyt.com
Бельгиялық «Андерлехт» канадалық жартылай қорғаушы Натан Салибаны испандық «Вильярреалға» шамамен 15 миллион еуроға сатуға келісті.
Мәміле бонустар мен келешектегі сатылымнан түсетін пайыз түріндегі қосымша қаржыны да қамтуы мүмкін. Салибаның бұрынғы клубы «Монреаль» трансфер сомасының бір бөлігін алады.
Канадалық футболшы «Андерлехт» құрамында бір ғана маусым өткізді.
Тағы оқыңыз
«Арсенал» Салибаны алмастыруға үміткерлер іздеп жүр
Бұл трансфер «Қайрат» жанкүйерлері үшін де қызық: «Андерлехт» — көкжолдастардың Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы. Алматыда өткен алғашқы кездесуде бельгиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жауап матчы 27 тамызда Брюссельде өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


