Жаңалық 25 тамыз 2026
«Милан» Мазрауиге көз тікті: Амориммен қайта табысуы мүмкін

Фото: cdn.vox-cdn.com
Итальяндық «Милан» трансфер терезесінің соңғы кезеңінде «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Нусаир Мазрауиге қызығушылық танытып отыр.
Марокколық қорғаушы 2024 жылдың тамызында «Баварияда» «Манчестер Юнайтедке» ауысқан болатын. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған. Мазрауи оң қанат қорғаушысы, шеткі қорғаушы, сондай-ақ үш қорғаушыдан тұратын жүйеде оң жақ позицияда ойнай алады.
«Миланның» бас бапкері Рубен Аморим бұған дейін «Манчестер Юнайтедте» жұмыс істеп, Мазрауимен бірге еңбек еткен.
Белгілі болғандай, трансфер терезесі барысында Мазрауи өз мүддесін білдіретін агенттігін ауыстырып, Panthera компаниясымен келісім жасаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


