«Ливерпуль» Минтех үшін үшінші ұсыныс дайындап жатыр, ал ойыншы жарақат салдарынан 2-3 ай алаңға шықпайды

Гамбия құрамасының ойыншысы жарақатты «Ромамен» өткен жаттығу кездесуінде алды — «Романың» капитаны Брайан Кристантемен түйіскенде оң аяғы зақымданды. Осыдан кейін Минтех «Астон Виллаға» қарсы АПЛ маусымын ашатын матчты өткізіп алды.
Sky Sports Germany журналисі Флориан Плеттенбергтің айтуынша, шабуылшы толыққанды жүктемеге тағы екі-үш айдан кейін ғана қайта оралады.
«Ливерпуль» Минтех үшін бұған дейін екі рет ұсыныс жасаған — £50 млн және £60 млн. Алайда «Брайтон» ойыншыны £70 млн деп бағалап отыр. Дегенмен футболшының өзімен жеке шарт бойынша тараптар негізінен келісімге келген.
Минтех «Брайтонға» «Ньюкасл Юнайтедтен» 2024 жылы ауысқан, бұған дейін «Фейеноордта» жалдамалы негізде ойнаған. Клуб құрамында ол 73 матчта 10 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
«Ливерпуль» сонымен қатар ПСЖ шабуылшысы Брэдли Барколаны да қалап отыр.


