«Атлетико» Альваресті «Барселонаға» сатпайды, «Арсеналға» жол ашық

26 жастағы шабуылшы «Вильярреалмен» өткен матчтан кейін «Метрополитано» стадионынан жалғыз шығып кетті — командаластары жанкүйерлерге алғыс айту үшін алаңда қалған кезде. Сол кездесуде Альваресті жанкүйерлер ысқырықпен қарсы алған болатын.
«Атлетико» басшылығы шабуылшыны сатуды қарастырып отыр, бағасы — 150 миллион еуро. Дегенмен клуб оны «Барселонаға» жібермейтінін білдірді, ал лондондық «Арсеналдан» түскен ұсынысқа ашық.
Альваресс өзі әлеуметтік желіде «Барселонамен» байланыстыратын TikTok видеосын лайк басқаны белгілі болды. Ойыншының агенті — Фернандо Идальго.
Catalunya Radio хабарлағанындай, Альварес соңғы уақытта «Барселона» басшылығына қысымға төтеп беруге және «Атлетико» кедергісін еңсеруге дейін күтуге дайын екенін жеткізген.
«Арсенал» тарапы трансфер терезесі жабылғанға дейін «Атлетикомен» келісімге келуге болады деп есептейді. Дегенмен лондондық клуб Альварес Премьер-лигаға оралуға ашық екенін білдірмейінше ресми ұсыныс жасамақ емес.
Трансфер терезесі жабылуына бір ғана апта қалды. Альварес — 2022 жылғы әлем чемпионы.


