«Арсенал» Нванеридің «Ньюкаслға» жалдау шартымен ауысуына жол берді

Football Insider тілшісі Харри Бертонның айтуынша, «Ньюкасл» ауысу терезесі жабылғанға дейін «Арсеналдың» ең үздік әрі келешегі бар ойыншыларының бірін жалдауға жасыл жарық алды.
«Дереккөздердің айтуынша, Микель Артетаның тобы Нванериді 2026-27 маусымға дейін сатқысы келмейді, сондықтан оны жалдау шартымен жіберуге басымдық беріп отыр», — деді Бертон.
Оның сөзінше, клуб басшылығы 19 жастағы ойыншыға осы кезеңде тұрақты ойын тәжірибесі қажет екенін мойындайды. «Ол мұны Сент-Джеймс Паркте толық ала алады», — деп атап өтті тілші.
Бертонның мәліметінше, Нванеридің қолтаңбасына «Ньюкаслмен» қатар «Эвертон» да қызығушылық танытып отыр, әрі мәміле жасауға уақыт әлі бар.
Еске сала кетейік, Нванери жақында «Марсельде» жалдау шартымен ойнап қайтқан. Оның сол клубтағы жалдау мерзімі кезінде бас бапкер Роберто Де Дзерби қызметінен кетті.


