Жаңалық 24 тамыз 2026
Торрес қосалқы құрамнан шығып, «ПСЖ-ні» жеңілістен құтқарды

Фото: e0.365dm.com
Франция чемпионатының ашылу турында «ПСЖ» өз алаңынан тыс жерде «Реннмен» 2:2 есебімен тең түсті. Есепті теңестірген екі голды да қосалқы құрамнан шыққан Ферран Торрес соқты.
Кездесу «Роазон Парк» стадионында өтті. 71-минутқа дейін «Ренн» 2:0 есебімен алда келе жатты.
Бапкер Торресті ойынға осыдан кейін ғана қосты және испаниялық шабуылшы командасын жеңілістен құтқарды. Оның бірінші голы Фабиан Руистың ұзын пасынан кейін соғылса, екінші голды Торрес айқаспа доптан бас тигізіп енгізді.
Тағы оқыңыз
Торрес қосалқы құрамдан шығып гол соғып, 6 матчта 7 голға жетті
Нәтижесінде «ПСЖ» жаңа маусымды «Реннмен» тең ойыннан бастады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


