Жаңалық 24 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында Чемпионшипте дебют жасады

Фото: cdn.mos.cms.futurecdn.net
«Челсиден» жалға алынған 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы матчта «Бернли» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты.
Сәтпаев кездесудің екінші таймында, есеп 1:2 болып тұрған кезде ойынға қосылды. Матч соңында «Бернли» 1:3 есебімен жеңілді.
Қазақстандық шабуылшы алаңда 34 минут болып, пастарының 90 пайызын дәл жеткізді. Ол ойынға шыққаннан кейін «Вест Бромвичтің» 11 метрлік айып добына ие болғаны да назардан тыс қалған жоқ.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
The Chelsea Chronicle басылымы Сәтпаевтің дебютін оң бағалады. Матчты «Челси» өкілдерінің де қадағалағаны белгілі болды.
«Бернли» кезекті кездесуін 26 тамызда Ағылшын лига кубогының екінші раундында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


