Жаңалық 24 тамыз 2026
ҚФФ 2032 жылға дейінгі жаңа стратегияны талқылайды
Қазақстан Футбол федерациясы 28 тамызда «Жеңіс алаңы 2032» атты стратегиялық сессия өткізеді.
Іс-шара ҚФФ кеңсесінде сағат 10:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады.
Сессия аясында отандық футболды 2027-2032 жылдар аралығында дамытудың жаңа стратегиясы талқыланады. Күн тәртібінде саланың басты проблемаларын анықтау, басымдықтарды белгілеу және 2032 жылға дейінгі даму жолындағы нақты шешімдерді талдау мәселелері тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


