Сұхбат 24 тамыз 2026
Омаров Норвегияда нәсілшілдікке тап болғанын айтты

Фото: fanday.kz
Норвегиялық «Бродд» клубының 17 жастағы қазақстандық шабуылшысы Алдияр Омаров жаңа елде кездескен мәдени айырмашылықтар мен нәсілшілдік көріністері туралы әңгімеледі.
«Астана» клубының түлегі Омаров Норвегияға 2024 жылы көшіп барған. Қазір ол Норвегияның үшінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген «Бродд» құрамында ойнайды.
Футболшының айтуынша, жергілікті мәдениет пен ойлау салты өзгеше екен, бұл тіпті киім киюден де байқалады. «Жаңа көшіп келгенде ауладан ойнап жүрдім. Норвегиялықтар мен араб мигранттары тым агрессивті болды, сондықтан біреуіне «шығайық» дедім. Маған колхозникке қарағандай қарады», — деп еске алды ол.
Омаровтың сөзінше, тұрғындардың көбі қаржылық жағдайы жақсы адамдар болғандықтан, кейде менсінбей қарайды. «Ариялықтар — өздерін «жоғары нәсіл» өкілдері санайтындар — сені негр немесе қытай деп те атай алады. Мені солай қорлады», — деді спортшы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


