Жаңалық 24 тамыз 2026
«Ньюкасл Юнайтед» Фернандес-Пардо үшін 45 млн еуро ұсынды

Фото: lepetitlillois.com
Ағылшынның «Ньюкасл Юнайтед» клубы «Лилльдің» 21 жастағы шабуылшысы Матиас Фернандес-Пардоны сатып алу үшін 45 млн еуро ұсынды.
Бельгия құрамасында бес рет ойнаған футболшының «Лилльмен» келісімшарты 2029 жылға дейін жасалған. Дегенмен ойыншының өзі клубта қалуды қаламайтыны белгілі болды.
Өткен маусымда Фернандес-Пардо «Лилль» құрамында 41 матч өткізіп, сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.
Тағы оқыңыз
«Ньюкасл» 51 миллион фунтқа сатып алған Фернандес-Пардоны бұрынғы бапкері Докумен салыстырды
Оған «Атлетико Мадрид» пен «РБ Лейпциг» де қызығушылық танытып отыр. «Лилль» президенті Оливье Летанг ойыншының орнын басатын жаңа футболшы таппайынша, онымен қоштасқысы келмейді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


