Жаңалық 24 тамыз 2026
Ислам Чесноков «Крылья Советов» құрамында дебют жасады

Фото: Sportarena.kz (TG)
«Тобылдан» ауысқан 26 жастағы жартылай қорғаушы Ислам Чесноков Ресей премьер-лигасының 5-турында «Акронға» қарсы матчта «Крылья Советов» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты.
Чесноков негізгі құрамда бастап, алаңда 63 минут өткізді, 54-минутта сары карточка алды. Матч «Крылья Советовтың» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды, голдарды Никита Чернов, Доминик Ороз және Владислав Шитов соқты.
Сол кездесуде Қазбек Мукаилов та клуб құрамында дебют жасап, соңғы 10 минутта алаңда болды.
«Крылья Советов» Telegram-арнасында Чесноков пен Мукаиловтың фотосын жариялап, екеуінің дебютін атап өтті.
Чесноков «Крылья Советов» құрамына «Тобылдан» 18 тамызда ауысқан болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


