Харви Эллиотт «Ливерпульдің» «Ньюкаслге» қарсы құрамынан тыс қалды

Клуб өкілдері бұл шешімнің трансферге де, жарақатқа да қатысы жоқ екенін айтты. Ойыншыға ешбір клубтан ресми ұсыныс түскен жоқ.
Эллиотт өткен маусымды «Астон Виллада» жалдамалы негізде өткізді, бірақ бар болғаны 9 матчта 277 минут алаңда болды. Осыған байланысты «Вилла» ойыншыны £35 млн-ға сатып алу міндеттемесін іске қоспады — ол үшін кемінде 10 матчқа шығуы керек еді.
Ойыншы Арне Слот бас бапкер болған 2024-2025 чемпиондық маусымда Премьер-лигада бар болғаны бір матчты негізгі құрамда бастады. Дегенмен «Ливерпуль» құрамында барлық турнирлерде оның есебінде 15 гол мен 21 нәтижелі пас бар.
«Ақыр соңында мен өзіме дұрысын жасағым келеді — осында қалып, орын үшін күрессем бе, әлде басқа жаққа кетсем бе, әзірге шешкен жоқпын», — деді Эллиотт.
Жаңа бас бапкер Андони Ираола ойыншыға дайындық кезеңінде мүмкіндік беретінін айтты: «Ол өзін көрсетуге құштар. Оған дайындық барысында мүмкіндік туады».


