Жаңалық 24 тамыз 2026
Чесноков дебют жасаған матчта «Крылья Советов» жеңіске жетті

Фото: Sportarena.kz (TG)
Қазақстандық шеткі шабуылшы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасындағы тұңғыш матчын өткізді — «Крылья Советов» құрамында ойнаған ол қонақта «Акронды» 3:0 есебімен жеңген команда сапында 64 минут алаңда болды.
Кездесу 2026/27 маусымының 5-турында өтті. Бұл жеңіс «Крылья Советов» үшін жаңа чемпионаттағы алғашқы жеңіс болды.
Чесноковпен қатар ресейлік шабуылшы Қазбек Мукайлов та осы матчта дебют жасады, ол 81-минутта алаңға шықты.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
Команда бапкері Сергей Булатов екі футболшының да ойынына оң баға берді. Оның айтуынша, Чесноковқа команданың тактикалық үлгісіне бейімделу әлі қажет.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


