Жаңалық 24 тамыз 2026
Чесноков: «Әзірге бейімделіп жатырмын, алда жақсырақ болады»

Фото: sports.kz
Қазақстандық шеткі шабуылшы Ислам Чесноков Ресей премьер-лигасының 5-турында «Крылья Советов» «Акронды» 3:0 есебімен жеңген кездесуде дебют жасады.
Кездесуден кейін футболшы алғашқы әсерімен бөлісті. «Әзірге бейімделіп жатырмын. Қазір бейімделу кезеңіндеміз. Алда жақсырақ болады», — деді Чесноков.
«Акронды» жеңу «Крылья Советов» үшін 2026/27 маусымдағы алғашқы жеңіс болды. Бес турдан кейін команда 5 ұпай жинап, кестенің 12-орнында тұр.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
«Крылья Советов» кезекті матчын 29 тамызда қонақта «Ахматпен» өткізеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


