Жаңалық 24 тамыз 2026
«Андерлехттің» жаңа легионері «Қайратқа» қарсы жауап кездесуде ойнамайды

Фото: lequipe.fr
Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы жауап кездесуге дайындалып жатқан бельгиялық «Андерлехт» жаңа легионері Тауфик Бентайебтен айырылады.
24 жастағы марокколық шабуылшы жеке жаттығу режимінде жүр, кездесуге дайын емес. Осыған байланысты ол «Андерлехт» құрамындағы дебютін «Қайратқа» қарсы матчта жасай алмайды.
Бентайеб «Андерлехт» құрамына 2026 жылдың жазында қосылды. Өткен 2025/26 маусымда ол француздық «Труа» құрамында жалға алу шартымен ойнап, 31 матчта 20 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Оның ішінде Лига 2 турнирінде 28 матчта 18 рет тор жарған.
Еске сала кетейік, іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде «Андерлехт» «Қайратты» 3:0 есебімен жеңген болатын. Жауап матч бейсенбі күні өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


