Жаңалық 23 тамыз 2026
Зелькович «Ақтөбеден» кетіп, «Хальмстадпен» келісімге келді

Фото: offside.kz
Швед шабуылшысы Айдин Зелькович швед клубы «Хальмстадтың» ойыншысы ретінде ресми таныстырылды. Ол «Хальмстадқа» бос агент мәртебесінде қосылды.
Зелькович «Ақтөбе» құрамында 2026 жылдың қаңтарынан тамызына дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан премьер-лигасында 15 матч өткізіп, бір гол соқты.
Шабуылшы «Ақтөбеден» кету туралы шешім қабылдап, туған еліне оралды. Оған дейін Зелькович швед футболында бірнеше клубта — «Гуннильсе», ГАИС, «Юнгшиле», «Оддевольд», «Линдоме», «Эргрюте» және «Вернамуда» ойнаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


