Жаңалық 23 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасады

Фото: i2-prod.mirror.co.uk
«Челсиден» жалға берілген 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің екінші турында «Бернли» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты.
«Вест Бромвичпен» өткен көшпелі кездесуде Сәтпаев 57-минутта Джош Лоранды алмастырып, ойынға қосылды. Ол алаңға шыққан сәтте есеп 1:2 болатын.
Шабуылшы кездесудің қалған бөлігін толық өткізгенімен, нәтижелі әрекетімен ерекшелене алмады. Матч соңында «Бернли» 1:3 есебімен жеңілді.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
The Burnley Way басылымы Сәтпаевтың алаңдағы белсенділігі мен үздіксіз қозғалысын атап өтті.
Еске сала кетейік, Сәтпаев «Бернлиде» «Челсиден» жалдау шартымен ойнап жүр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


