БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 23 тамыз 2026

Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасады: команда жеңіліспен қоштасты

Фото: cdn.mos.cms.futurecdn.net
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің екінші турында «Бернли» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты. Дегенмен команда «Вест Бромвичтен» 1:3 есебімен ұтылды.

«Челсиден» жалға берілген 18 жастағы Сәтпаев «Вест Бромвичпен» өткен көшпелі кездесуде 57-минутта Джош Лоранды алмастырып, алаңға шықты. Ол шыққан сәтте есеп қонақтардың пайдасына 1:2 болатын.

Матч соңында «Вест Бромвич» жеңіске жетті — 1:3. Flashscore порталының бағалауы бойынша, Сәтпаев 6,1 балл жинады. «Бернлидің» ең үздігі — 7,3 балл алған Кайл Уокер.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

Қарсылас құрамында екі гол соққан Айзек Прайс кездесудің үздігі атанып, 8,8 балл жинады.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Бернли» құрамында ағылшын Чемпионшипінде дебют жасады
Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасады
Сәтпаев «Бернли» құрамында Чемпионшипте дебют жасады
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz