Жаңалық 23 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында ағылшын Чемпионшипінде дебют жасады

Фото: cdn.mos.cms.futurecdn.net
18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінде «Бернли» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты. Кездесу «Бернлидің» 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Матч 2026 жылдың 21 тамызында қонақта, «Вест Бромвичке» қарсы өтті. Сәтпаев 57-минутта Джош Лоранттың орнына алаңға шығып, шамамен 30 минут ойын уақытын алды.
«Бернли» есепті Каллум Стайлздың автоголынан кейін ашты. Алайда «Вест Бромвич» ойыншылары жауап қайтара алды: Харри Уитвелл бір гол соқса, Айзек Прайс дубль жасады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Бұл — Сәтпаевтың «Бернли» құрамындағы алғашқы ойыны.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


