БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 23 тамыз 2026

«Реал» «Эспаньолды» сыртта 2:1 есебімен жеңіп, маусымды жеңіспен бастады

Фото: assets.goal.com
Испания Ла Лигасының 2-турында мадридтік «Реал» қонақта барселоналық «Эспаньолды» 2:1 есебімен жеңді.

Мадрид клубы үшін бұл кездесу ағымдағы маусымдағы алғашқы матч болды. Есепті 9-минутта Джуд Беллингем ашты.

30-минутта «Эспаньол» құрамында Алекс Калатрава есепті теңестірді. Дегенмен матчтың соңғы минутында, 90-минутта, Карлос Эспи «Реалға» жеңіс сыйлады.

Тағы оқыңыз
«Реал Мадрид» Беллингэммен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартпақ

еске сала кетейік, «Эспаньол» бірінші турда «Левантені» 3:0 есебімен жеңіп, маусымды жеңіспен бастаған еді.

«Реал» бірінші тур аясындағы «Реал Сосьедадпен» кезектен тыс кездесуін 26-27 тамыз аралығында өткізеді. Ал «Эспаньол» «Реал Сосьедадқа» үшінші тур аясында 29 тамызда қарсыласады.

Тағы оқыңыз

Беллингем Гюлердің пасынан гол соғып, «Реал Мадридті» алға шығарды
«Реал Мадрид» Беллингэммен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартпақ
Перес Беллингемнің келісімшартын жаңарту мәселесіне жеке араласты
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz