БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 23 тамыз 2026

«Каспий» жаңа директор тағайындамақ: дереккөздер Сәрсеновтің есімін атады

Дереккөздердің мәліметінше, ақтаулық «Каспий» жуық арада Дәурен Сәрсеновті клуб директоры етіп таныстырмақ.

Бұған дейін осы лауазымда болған Нұртас Құрғұлин осы аптада «Каспийден» кетті.

Жетекшінің ауысуы клубтың турнирдегі сәтсіз кезеңімен тұспа-тұс келді. 22 турдан кейін «Каспий» 23 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр.

Бұған қоса, команданың бас бапкері Ерлан Шойтымов та «Каспиймен» қоштасып, павлодарлық «Ертіске» ауысқан болатын.

Тағы оқыңыз

«Каспий» жаңа бапкермен Ақтауда «Тобылды» қарсы алады
О'Нил: «Селтикке» тағы да жаңа ойыншылар келеді
Шанкленд «Рейнджерстің» жаңа капитаны болды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz