Жаңалық 23 тамыз 2026
«Бавария» Германия Суперкубогын 12-рет жеңіп алды
Дортмундтағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өткен Германия Суперкубогының финалында мюнхендік «Бавария» дортмундтық «Боруссияны» 2:1 есебімен жеңді.
Кездесуде есепті 28-минутта Натаниэль Браун ашты — 1:0. Бірінші таймның қосымша уақытында, 45+1 минутта, Майкл Олисе екінші голды соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда, 75-минутта, Фабиу Силва бір голды қайтарып, кездесудің қорытынды есебін — 2:1 — қалыптастырды.
Бұл жеңіспен «Бавария» Германия Суперкубогын тарихында 12-рет жеңіп алды. Дортмундтық «Боруссия» бұл трофейді алты рет қанжығасына байлаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


