Жаңалық 22 тамыз 2026
«Наполи» «Челсидің» шабуылшысы Марк Гиуға 30 миллион еуро бөлуге дайын

Фото: The White House / Wikimedia Commons (Public domain)
Италиялық «Наполи» лондондық «Челсидің» 20 жастағы шабуылшысы Марк Гиуды сатып алу үшін келіссөз бастады. Sky Sport Italia хабарлағандай, «Челси» ойыншы үшін 30 миллион еуро сұрап отыр.
Испанияның U-21 құрамасының ойыншысы Гиуға бұл маусымда клуб нөмір де бермеген. «Наполи» оны ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырып отыр делінеді.
Сонымен қатар «Рома» «Челсидің» 22 жастағы қанат ойыншысы Джейми Гиттенсті жалға алуға тырысып жүр. «Челси» оны бір жыл бұрын Дортмунд «Боруссиясынан» 56 миллион еуроға сатып алған болатын. Лондон клубы әзірге «Романың» бұл өтінішіне келіспей отыр.
Тағы оқыңыз
Гиудың «РБ Лейпцигке» ауысуы: «Челси» испан шабуылшысымен қоштаспақ
«Рома» Гиттенстің жалға берілуіне әлі де үміт артып отыр», — деді журналист Альфредо Педулла.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


