Жаңалық 22 тамыз 2026
Кенжебек «Ахматтың» өтінімінен орын алды, бірақ негізгі құрамнан тыс қалды
«Ростовқа» қарсы РПЛ-дың бесінші турындағы матчқа берілген өтінімге қазақстандық Ғалымжан Кенжебек енгізілді, алайда ол бапкер Станислав Черчесовтың негізгі құрамына кірмеді.
Кездесуге берілген өтінімде Максим Самородов жоқ. Бас бапкер оның себебін жарақатпен түсіндірді.
«Өтінімге Самородов енген жоқ. Сирағы жарақаттанған. Дәрігерлер әзірге болмайды деп отыр», — деді Черчесов.
Тағы оқыңыз
Кенжебек Самородовты алмастырып шықты, Flashscore одан жоғары баға берді
Бапкер команданың негізгі мақсатын да айтты: «Біз өз қасиетімізді көрсеткіміз және ұтқымыз келеді. «Ростовпен» матчтарымыз оңай емес, бірақ жоспарлағанның бәрін жүзеге асыру маңызды».
Грозныйдағы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


