Жаңалық 22 тамыз 2026
«Қайраттың» қарсыласы «Андерлехт» Лига 2-нің үздік бомбардирін сатып алды

Фото: lequipe.fr
Бельгиялық «Андерлехт» марокколық «Юнион Турагадан» 24 жастағы шабуылшы Тауфик Бентайебті сатып алды. Трансфер сомасы 4 миллион еуроны құрады, ал Transfermarkt.de бағалауы бойынша, ойыншының нарықтық құны — 8 миллион еуро.
Өткен маусымда Бентайеб француздық «Труа» құрамында жалдамалы негізде ойнап, Лига 2-де 18 гол соғып, турнирдің үздік бомбардирі атанды.
«Андерлехт» қазір Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайратпен» кездесіп жатыр. Бірінші матчта бельгиялық клуб қонақта 3:0 есебімен басым түсті. Жауап кездесуі 27 тамызда Брюссельде өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


