Жаңалық 22 тамыз 2026
Хавертц «Арсеналдың» жаңа маусымдағы алғашқы голын соқты
Ағылшын премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчта Кай Хавертц лондондық «Арсеналдың» есебін ашты.
15-минутта Риккардо Калафьоридің нәтижелі пасынан кейін Хавертц добын қақпаға дәл жіберді. Материал жарияланған сәтте өз алаңында «Ковентри Ситиді» қабылдап жатқан «Арсенал» бірінші таймда 2:0 есебімен алда келе жатты.
«Арсенал» өткен маусымда 22 жылдан кейін тұңғыш рет Англия чемпионы атанған болатын. Ал қарсыласы «Ковентри Сити» өткен маусымда Чемпионшип дивизионында бірінші орын алып, премьер-лигаға жолдама алды.
Тағы оқыңыз
Хавертц «Арсеналда» соңғы 8 матчта 6 гол соқты
Келесі турда «Арсенал» «Астон Виллаға», «Ковентри Сити» болса «Халл Ситиге» қарсы шығады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


