Жаңалық 22 тамыз 2026
20 жастағы Арчи Грей — «Тоттенхэм» тарихындағы ең жас капитан

Фото: i2-prod.football.london
Лондондық «Тоттенхэм» «Брентфордқа» қарсы кездесуде 20 жастағы Арчи Грейді капитан етіп тағайындады.
Оң жақ қорғаушы позициясында ойнайтын Грей клубтың ресми матчында капитан таспасын таққан ең жас футболшы атанды.
Жазғы трансфер науқанында «Тоттенхэм» құрамын Сандро Тонали, Матеус Фернандеш, Ян Пауль ван Хекке, Маркос Сенеси және Эндрю Робертсонмен толықтырған болатын.
Лондон клубын қазір итальяндық бапкер Де Зерби басқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


